08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Топурия Кроуфордпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Топурия Кроуфордпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

UFC чемпионы Илия Топурия Теренс Кроуфордпен бокс кешін өткізуге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Чемпионат-қа сілтеме жасап.

«Мен октагонда Кроуфорд екеуміздің арамызда не болатыны туралы айтпаймын. Рингте не болатынын айтамын. Мен оны бір түртіп нокаутқа түсіремін!», – деді Топурия өзінің әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Кроуфорд Сауль Канело Альвареспен 13 қыркүйекте Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді.