Оқу уақыты: 1 мин

Топурия – Оливейра: UFC 317 турнирінің толық карды жарияланды

Топурия – Оливейра: UFC 317 турнирінің толық карды жарияланды

Маусымның 28-нен 29-на қараған түні АҚШ-тың Парадайс қаласында өтетін UFC 317 турнирінің толық карды жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Ислам Махачевтің жартылай орта салмаққа ауысуына байланысты бос қалған жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) чемпиондық белбеу үшін Илия Топурия (Грузия) мен Чарльз Оливейра (Бразилия) күш сынасады.

UFC 317 турнирінің толық карды төмендегідей:

  • Илия Топурия (Грузия) — Чарльз Оливейра (Бразилия);
  • Александр Пантожа (Бразилия) — Кай Кара-Франс (Аустралия);
  • Пауло Коста (Бразилия) — Роман Копылов (Ресей);
  • Бенеил Дариуш (АҚШ) — Ренато Мойкано (Бразилия);
  • Джоната Диниз (Бразилия) — Джастин Тафа (Аустралия);
  • Брэндон Ройвал (АҚШ) — Манел Капе (Португалия);
  • Джек Херманссон (Норвегия) — Грегори Родригес (Бразилия);
  • Вивиан Араужо (Бразилия) — Трейси Кортес (АҚШ).