01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тони Фергюсон Хабиб пен Макгрегорды қорқақтықта айыптады

Тони Фергюсон Хабиб пен Макгрегорды қорқақтықта айыптады

UFC-дің бұрынғы жауынгері Тони Фергюсон Хабиб Нұрмағомедов пен Конор Макгрегорға қатысты қатты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MMAFightingonSBN.

«Конор қорқады — бұл жігіт менімен төбелескісі келмейді. Дәл осындай жағдай мына қорқақ Хабибке де қатысты», — деді Фергюсон.

Misfits Boxing 22 турнирінде Salt Papi-ді техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін Фергюсон — UFC-ге оралуы тек Макгрегор мен Нұрмағомедовпен жекпе-жек үшін ғана мүмкін екенін атап өтті.

«Хабиб тирамису жеп жатқанда, оны менімен төбелеспеуге көндірді», — деп қосты америкалық жауынгер.