05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Томас Парти бостандыққа шықты және «Вильярреалға» ауысуға жақын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Томас Парти бостандыққа шықты және «Вильярреалға» ауысуға жақын

Англиялық «Арсеналдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Томас Парти Лондондағы сот отырысынан кейін кепілмен босатылды. Қазір ганалық футболшы Испания чемпионатына оралуға жақын.

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 31 жастағы Парти Вестминстер магистраттар сотындағы тыңдаудан кейін кепілмен босап шыққан. Жақын арада ол «Вильярреалмен» келісімшартқа қол қоюы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Партиге 2021–2022 жылдар аралығында үш әйелдің арызы бойынша бес эпизод бойынша айып тағылған болатын. Ол 2020 жылдың қазан айынан бері «Арсенал» сапында ойнап, 2025 жылдың жазында еркін агент ретінде клубтан кеткен еді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!