07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Томас Мюллер «Бавариядан» кетті — 33 трофеймен қоштасты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Томас Мюллер «Бавариядан» кетті — 33 трофеймен қоштасты

Мюнхеннің «Бавария» клубы тарихындағы ең атақты футболшылардың бірі Томас Мюллермен қош айтысты.

Клуб ардагеріне арнайы фотосессия арнап, оның барлық жеңіп алған трофейлерімен түскен суреттерін жариялады. Ресми мәлімдемеде Мюллердің мансабы «ешкімге ұқсамайтын ерекше жол» деп сипатталған.

Томас Мюллер 2008 жылы «Бавария» сапында алғаш рет алаңға шыққан сәттен бастап, бүкіл мансабын осы клубпен байланыстырды. Ол команда символына айналды.

Мюллердің «Бавария» құрамындағы жетістіктері:

  • 13 мәрте Германия чемпионы
  • 8 Суперкубок
  • 6 Германия Кубогы
  • 2 Чемпиондар лигасы
  • 2 Клубтық әлем чемпионаты
  • 2 УЕФА Суперкубогы

Барлығы — 33 трофей.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!