19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Томас Джербази – Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі дебюті туралы: «Мүмкін, оған орта салмаққа ауысу керек»

UFC-дің ресми сайтының бас редакторы, «UFC энциклопедиясы» кітабының авторы Томас Джербази қазақстандық Дияр Нұрғожайдың ең беделді ММА ұйымындағы алғашқы жекпе-жегіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мұндай салмақ қателіктеріне жол беруге болмайды. Мүмкін, Нұрғожайға орта салмаққа ауысу туралы ойланған жөн шығар, өйткені Рибейро айқын физикалық артықшылыққа ие болды. Ол салмақ қуу кезінде әлсіреп қалған секілді. Бұл ағзасының күйзеліс жағдайына берген жауабы ма? Ол жекпе-жек күнін Рамазаннан кейінге сұрауы мүмкін еді. Дегенмен, оның UFC-мен келісімшарты бар», – деді Джербази.

16 наурыз күні таңертең (Астана уақытымен) Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде Дияр Нұрғожай (10-1) өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді. Қазақстандық файтер Брендсон Рибейроға (17-7) екінші раундта кимура әдісімен жеңіліп қалды. Бұған дейін, алғашқы раундта Нұрғожай нокдаунға түскен еді.