09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тоголық шабуылшы Давид Энен «Тобол» клубынан кетті

Тоголық шабуылшы Давид Энен «Тобол» клубынан кетті

Қостанай клубының баспасөз қызметі Того құрамасының шабуылшысы Давид Эненмен келісімшартты өзара келісім бойынша бұзғанын хабарлады.

Сары-жасыл түстегі команда сапында тоголық шабуылшы түрлі турнирлерде 32 ойынға қатысып, алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Қостанай клубының құрамында Давид Энен Қазақстан Республикасының Суперкубогын жеңіп үлгерді.