21.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Төрт жыл үзілістен кейін рингке оралған Данияр Елеусінов АҚШ-та жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Төрт жыл үзілістен кейін рингке оралған Данияр Елеусінов АҚШ-та жеңіске жетті

Қазақтың кәсіпқой боксшысы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен бокс кешінде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол филиппиндік Джеймс Бэконды (26-6, 17 KO) техникалық нокаутпен жеңді.

Жартылай орта салмақтағы бұл кездесу сегіз раундқа жоспарланғанымен, небәрі екінші раундта-ақ аяқталды. Елеусінов қарсыласын жойқын соққылармен сұлатып түсіріп, мансабындағы 13-ші жеңісін тіркеді. Бұл оның сегізінші нокауты. Ал Бэкон үшін бұл – алтыншы жеңіліс.

Айта кетейік, Данияр АҚШ-та соңғы рет 2020 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізіп, намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 KO) нокаутпен жеңген болатын. Содан бері америкалық рингте алғаш рет өнер көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, Елеусінов былтыр 28 қыркүйекте Алматыда өткен кездесуде тағы бір филиппиндік қарсылас Джо Нойнаяны (23-5-2, 11 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді.