22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Төрт дүркін Азия чемпионы Сабырхан жастар құрамасына кірмеді

Төрт дүркін Азия чемпионы Сабырхан жастар құрамасына кірмеді

Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған Төрехан Сабырхан Қазақстанның U-22 жастар құрамасына кірмеді.

«Тайландтағы чемпионат алдында Қырғызстан құрамасымен бірге Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Бұл жолы құрамаға ұлттық құрама боксшылары да кірді. Әділдік үшін әр салмақта спаррингтер өткіздік. Бәсекелестік жоғары деңгейде болды», — деді Қазақстан U-22 құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев.

Екі ай бұрын Шри-Ланкада өткен чемпионатта он алтын және екі күміс медаль жеңіп алған бұрынғы құрамнан тек үш спортшы қалды:

  • Нұрислам Қалдыбаев (60 кг)
  • Аман Қонысбеков (75 кг)
  • Азатбек Жолдасхан (85 кг)

Құрлықтық біріншілік 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Бангкокта өтеді — жарысқа 25 елден 396 боксшы қатысады.