10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Төрехан Сабырхан жартылай финалда

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Төрехан Сабырхан жартылай финалда

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық жас боксшы, жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырхан (55 кг) француз Макан Траорені 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.

Төрехан алғашқы раундтан-ақ бастаманы өз қолына алып, қарсыласын қысымда ұстап, тактикалық басымдығын матч соңына дейін сақтады. Қазылар бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Енді отандасымыз жартылай финалда Моңғолия немесе Англия боксшысы арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады.