02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Төрехан Сабырхан келесі қандай жарысқа қатысады?

Төрехан Сабырхан келесі қандай жарысқа қатысады?

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Төрехан Сабырхан және өзге де жас боксшылар жайлы өз ойын айтты деп хабарлайды Sport12.kz

— Жақында ғана Шри-Ланка төрінде Бақтияр Сәрсекбаевтың тізгіндеуімен Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Тіпті оның біршамасы шетелдік жарысқа алғаш рет шықты. Бұл құрамадағы бәсекелестікті арттырады дегенге келісесіз бе? Тамыз айындағы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатына қай құрам қатысады? Өзара спарринг өте ме?

— Шри-Ланкадағы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында ерлеріміз 10 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Бірақ көпшілік ол додаға Өзбекстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай сынды елдердің мықты құрам жібермегенін біледі. Ал тамыз айында World Boxing ұйымының аясында өтетін 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты нағыз сынақ болғалы тұр. Сары құрлықтың жарысына Бақыт Сәрсекбаевпен бірге құрамды жасақтаймыз. Ол тізімге Әлем кубогының чемпиондары Нұрсұлтан Алтынбек, Дәулет Төлемісов, жастар арасында әлем чемпионы Төрехан Сабырхан және аса ауыр салмақта Даниал Сапарбай енеді.