15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Төрехан Сабырхан 19 жасында әлем чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Төрехан Сабырхан 19 жасында әлем чемпионы атанды

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Төрехан Сабырхан (70 кг) алтын медаль жеңіп алды.

Финалда ол жапондық Севон Окадзавамен қолғап түйістіріп, сенімді жеңіске жетті. Осылайша, небәрі 19 жасында Төрехан Сабырхан әлем чемпионы атанып, қазақ боксының жаңа жұлдызы ретінде тарихқа енді.