10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тобылдың» бразилиялық қорғаушысы «Қайсарға» қарсы ойынға қатыспайды

«Тобылдың» бразилиялық қорғаушысы «Қайсарға» қарсы ойынға қатыспайды

«Тобылдың» 24 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушысы Виктор Брага алдағы премьер-лиганың 12-туры аясындағы «Қайсарға» қарсы ойында алаңға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

11-турдағы «Атырауға» қарсы матчта (5:0) Виктор Брага биылғы маусымда төртінші рет ескерту алды. Алдағы «Қайсарға» қарсы матчқа қатыса алмайды.

Жалпы, Виктор Брага биылғы чемпионатта 9 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.