07.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тобыл» жартылай қорғаушысы Овечкинмен түскен суретін жариялап, рекордымен құттықтады

«Тобыл» жартылай қорғаушысы Овечкинмен түскен суретін жариялап, рекордымен құттықтады

Қостанайлық «Тобыл» жартылай қорғаушысы Александр Зуев «Вашингтон Кэпиталз» шабуылшысы Александр Овечкиннің НХЛ-дегі ерекше жетістігіне қатысты пікір білдірді.

«Овечкин — ұлы! Саша әлемдік хоккей тарихына өз есімін мәңгілікке жазып қалдырды. Рекордымен шын жүректен құттықтаймын және менің тойымдағы бірге түскен суретімізбен бөлісемін! Great 8», — деп жазды Зуев өзінің телеграм-арнасында.

Ресейлік шабуылшы НХЛ-де жаңа рекорд орнатты — тұрақты чемпионатта 895-ші шайбасын соғып, аңызға айналған канадалық шабуылшы Уэйн Гретцкидің 894 гол көрсеткішін басып озды.