Оқу уақыты: 1 мин

«Тобыл Ж» маусымалды жолдастық матч өткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тобыл Ж» маусымалды жолдастық матч өткізді

 Қостанайдың «Тобыл Ж» командасы Петропавлдың «Қызылжар» ұжымымен жолдастық кездесу өткізді.

Бас бапкер Виталий Старновский түрлі құрам шығарып, ойыншыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер маусым алдында футболшылардың бабын сақтап, өзара түсіністікті арттыру үшін маңызды.

Жаңа маусым 9 сәуірде басталады. Бірінші турда «Тобыл Ж» Қостанайда «Елімай Ж» командасын қабылдайды.