14.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тобыл» сырт алаңда жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тобыл» сырт алаңда жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

Қазақстан кубогының 1/4 финалында «Тұран» өз алаңында «Тобылды» қабылдады. Тартысты өткен ойында қостанайлық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Алайда екінші таймның 60-минутында Давид Энен есепті ашса, 78-минутта Иван Миладинович есепті еселеп, жеңісті нықтай түсті.

Жартылай финалда «Тобыл» «Астана» мен «Жеңіс» арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.