23.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Тобыл» өз алаңында «Ақтөбені» сан соқтырды

22 қыркүйекте Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) 21-туры аясында «Тобыл» — «Ақтөбе» кездесуі өтті.

Ойын Қостанайда өтіп, 3:0 есебімен «Тобылдың» пайдасына аяқталады. Қостанайлықтар сапынан голдарды Ислам Чесноков, Ахмед Эль-Месауди және Руи Кошта соқты. Ақтөбеліктер Уче Агбо алаңнан қуылғаннан кейін екінші тайм бойы алаңда он ойыншымен қалды. 

Осылайша «Тобыл» 18 ойыннан кейін 27 ұпаймен алтыншы орынға жайғасса, «Ақтөбе» 20 ойыннан кейін 34 ұпаймен үшінші орында қалды.

Семейдің «Елимайы» чемпионатта көш бастап тұр. Клубтың 20 ойыннан кейін 37 ұпайы бар. «Қайрат» 19 ойыннан кейін 35 ұпаймен екінші орында.