30.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тобыл» ойыншысы «Ақтөбеде» ойнағысы келеді

«Тобыл» ойыншысы «Ақтөбеде» ойнағысы келеді

Қостанайдың «Тобылы» алдағы қысқы трансферлік кезеңде өз ойыншылардың бірімен қоштасуы мүмкін. Команданың негізгі құрамында тұрақты ойнап жүрген марокколық жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессауди клубтан кетуі ықтимал.

30 жастағы футболшы биылғы маусымда Қазақстан премьер-лигасында 22 кездесуге қатысып, жеті гол соғып және алты нәтижелі пас берген болатын. Оның үлесімен «Тобыл» ел кубогында және 2025 жылғы біріншілікте қола медаль иеленді.

БАҚ мәліметінше, Эль-Мессаудидің агенттері ойыншыны «Ақтөбе» клубына ұсынған, алайда бұл нұсқа бас бапкер Николай Костовтың жоспарларына сай келмеген.

Айта кетсек, Ахмед Эль-Мессауди бұған дейін Бельгияның «Льерс», «Стандарт», «Мехелен» клубтарында, Нидерландтың «Гронинген», «Фортуна», «Эммен» және Түркияның «Газиантеп» командаларында ойнаған. Ол Марокко ұлттық құрамасында екі рет алаңға шыққан тәжірибелі ойыншы.