14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тобыл» өз алаңында жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тобыл» өз алаңында жеңіске жетті

Қостанайда өткен ҚПЛ-дің 16-тур матчында «Тобыл» «Оқжетпесті» 2:1 есебімен жеңді. Кездесудің басты кейіпкері — Жасұлан Жұмашев. Ол екінші таймда қос бірдей гол соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

Матчтың есебі бірінші таймда ашылды. 43-минутта қонақтар сапынан Дәурен Жұмат пенальтиден мүлт кеткен жоқ — 0:1.

Алайда екінші таймда алаң иелері қарқын алып, 64 және 72-минуттарда Жұмашевтың дәл соққыларының арқасында таразы басын өз пайдасына бұра алды — 2:1.