Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Тобыл» – мықты қарсылас, бірақ біз өзімізге сенеміз. «Оқжетпес» қорғаушысы Тимур Досмағамбетов ҚПЛ-дағы матч алдында

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

5 сәуірде Көкшетауда Қазақстан премьер-лигасының төртінші турынның алғашқы матчы өтеді. «Оқжетпес» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдайды.

Өткен турда Андрей Ферапонтовтың шәкірттері сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» 2:2 есебімен тең түсті. Ал «Тобыл» семейлік «Елімайға» қарсы ойынның соңында жеңісті уысынан шығарып алды – 1:1.

Турнир кестесінде 7 ұпаймен алматылық «Қайрат» көш бастап тұр. Дәл осындай ұпай саны бар «Ақтөбе» мен «Астана» сәйкесінше екінші және үшінші орындарда. Бір жеңіс, бір тең ойын және бір рет ұтылған «Оқжетпес» 4 ұпай жинап, төртінші сатыда тұр. «Тобылдың» бір ұпайы артық: қостанайлықтар бір рет жеңіске жетіп, екі рет тең түскен.

Sport Pulse порталымен тілдескен «Оқжетпес» қорғаушысы Тимур Досмағамбетов «Тобылға» қарсы матч алдында былай деді:

«Тобыл» өте мықты ойыншылары бар, азулы қарсылас екенін түсінеміз. Бірақ алаңға жеңілу үшін шығып жүрген жоқпыз. Біз үшін батыл мінез көрсету, сапалы ойын, өз сәттерімізді пайдалану маңызды.

Команда бұл матчқа тыңғылықты дайындалды: қарсыластың ойыны талданып, қандай нәрселерге көңіл бөлу керектігін білеміз. Әрине, жанкүйерлер бізден күрес күтеді, және біз олардың сенімін ақтау үшін барымызды саламыз.

Футбол – мүмкіндікке толы ойын, және біз өзімізге сенеміз!»

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 5 сәуір

Уақыты: 15:00 (көрсетілімнің басталуы – 14:55)

Стадион: «Оқжетпес», Көкшетау

Тікелей көрсетілім: SPORT+ QAZAQSTAN

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!