Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Тобыл» ФК 2025 маусымына құрамын жариялады

Kazfootball.kz мәліметі бойынша, Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы алдағы 2025 маусымға құрамын тіркеді.

Премьер-Лига мен ҚР Кубогына өтінімге келесі ойыншылар енгізілді:

  • Қақпашылар: Сұлтан Бусурманов (№1), Юрий Мелихов (№35), Данил Устименко (№44) — барлығы Қазақстаннан
  • Қорғаушылар: қазақстандық Роман Асранкулов (№3), ресейлік Иван Миладинович (№55), француз Папе Алиун Ндиайе (№5), қазақстандық Темірлан Ерланов (№23) және черногориялық Марко Вукчевич (№15)
  • Жартылай қорғаушылар: Нұрғайни Бурибаев (№20), Жаслан Жұмашев (№7), Бейбіт Ғалым (№8), грузин Цотне Мосиашвили (№13), бельгиялық Ахмед Эль Мессауди (№10), болгар Радослав Цонев (№21), нигериялық Эдем Эссьен Эдедем (№6), Ислам Чесноков (№11), бельгиялық Дэвид Борис Энен (№77), Александр Зуев (№17), Мейрамбек Қалмырза (№22), Наурызбек Жагоров (№27), Данияр Үсенов (№19) және бразилиялық Виктор Брага (№16)
  • Шабуылшы: беларусь Николай Сигневич (№14)

Команданың бас бапкері қазақстандық маман Нұрбол Жұмасқалиев.