19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тобыл» — «Астана» ойынынының төрешілері белгілі болды

«Тобыл» — «Астана» ойынынының төрешілері белгілі болды

ҚФФ төрешілер және инспекторлар департаменті 20-турдың кейінге шегерілген «Тобыл» — «Астана» матчының төрешілер құрамын тағайындады.

Ойынның бас төрешісі – Болат Сариев. Оның қапталдағы көмекшілері – Антон Сысоев пен Мансур Сайдуллаев. VAR – Денис Тевяшов, AVAR – Денис Лабашов. Қосымша төреші болып Сәкен Байымбет тағайындалды.

Матчты сағат 19:00-де Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.