19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тимур Турлов Қарағанды облысындағы футболды дамытуға бөлінетін қаражатты атады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Тимур Турлов Қарағанды облысындағы футболды дамытуға бөлінетін қаражатты атады

Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының жаңа президенті Тимур Турлов алдағы төрт жылда аймақтағы футболды дамытуға қанша қаражат жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Pulse.

18 тамыз күні Турлов Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып сайланды.

«Алдағы 4 жылда Қарағанды облысындағы футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлеміз. Оның 12 млрд теңгесі заманауи футбол академиясының құрылысына жұмсалады. Академия құрамында 3,5 мың орындық стадион мен бірнеше алаң болады. Қалған 6,5 млрд теңге балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға, инфрақұрылымға және ойыншыларды даярлау жүйесін қалыптастыруға бағытталады», – деді Турлов.

Айта кетейік, Турловтың кандидатурасын Қарағанды облысының әкімі әрі қауымдастықтың бұрынғы президенті Ермағанбет Бөлекпаев ұсынған болатын.