08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тимур Тайбеков нокаутпен финалға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Тимур Тайбеков нокаутпен финалға шықты

Бангкокте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U19) қазақстандық боксшы Тимур Тайбеков жартылай финалдық жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа жіберіп, финалға жолдама алды.

80 келіге дейінгі салмақта Тайбеков таиландтық Патипат Аимпормен жұдырықтасты. Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ — алғашқы раундтың ішінде Тайбеков қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, кейін төреші кездесуді тоқтатты.

Осылайша, Тимур Тайбеков Азия чемпионатының финалына шықты, ал оның қарсыласы Патипат Аимпор қола медаль иегері атанды.