08.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тимур Кападзе Каннавароның көмекшісі атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Тимур Кападзе Каннавароның көмекшісі атанды

Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен Тимур Кападзе ұлттық командада жаңа лауазымға ие болды. Ол енді бас бапкер Фабио Каннавароның ассистенті ретінде жұмыс істейді.

Бұл шешім алдағы әлем чемпионаты қарсаңында құраманың жұмысында сабақтастық пен тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданған.

АФУ-дың бірінші вице-президенті Равшан Ирматов Кападзенің шақырылуын оның ойыншы ретінде әлем біріншіліктеріне қатысқан тәжірибесімен түсіндірді. Бұл тәжірибе ұлттық құраманы дайындауда құнды болмақ.