13.12.2024
Оқу уақыты: 3 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Тимурбек Закиров: «Тұран» мақсатты орындады, бірақ одан да жақсы нәтиже көрсете алатын едік

Айбар Рысдаулет
Айбар Рысдаулет
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
IMG 8504

«Тұран» клубының қақпашысы Тимурбек Закиров биылғы маусымды қорытындылап, қақпашы ойынның қиындығы, жарақаттан кейін қалпына келу және Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алу арманы жайлы айтып берді.

– Тимурбек, қалыңыз қалай? Чемпионат аяқталғанына бір ай уақыт өтті. Қазір уақытыңызды қайда өткізіп жүрсіз?

– Рақмет, бәрі жақсы. Қазір үйдемін, отбасыммен, жақындарыммен біргемін. Демалысым осылай өтіп жатыр.

– Маусым аяқталды. «Тұран» 12-ші орынмен Премьер-лигада қалып, басты мақсатын орындады. Бірақ команданың қауқары бұдан да жоғары нәтижеге жетуге жететін бе еді?

– Мынаны айта аламын: шынымды айтсам, турнир кестесінде жоғарырақ болғымыз келді, бірақ чемпионат болжап болмайтын жағдайларға толы. Бірде жеңістер мен сәттіліктер жағыңда болса, бірде керісінше.

– Өзіңізге келсек, чемпионатты «Тұранның» негізгі қақпашысы ретінде бастадыңыз. Алайда чемпионаттың соңына қарай алаңға шығуыңыз азайды. Мұны немен байланыстырасыз?

– Шынымды айтсам, турнир кестесінде жоғарырақ болғымыз келді. Бірақ чемпионат ұзақ болған соң болжау қиын. Бірде жеңіс мен сәттілік сенің жағыңда болса, енді бірде керісінше.

– Биылғы маусымда қақпашы ретінде өзіңізге қандай да бір мақсат қойдыңыз ба? Егер мақсат қойсаңыз, оны орындауға мүмкіндік болды ма?

– Бапкерлік штаб пен басшылықтың сенімімен маған берілген мүмкіндікті пайдаландым. Бастапқыда ойнап жүрген едім, кейін аздап жарақат алып, шамамен бір ай алаңнан тыс қалдым. Өздеріңіз білесіздер, әр жарақаттан кейін қалыпқа келу қажет. Нәтижесінде кім дайын болса, сол ойнайды.

– Биылғы маусымда қақпашы ретінде өзіңізге қандай да бір мақсат қойдыңыз ба? Егер мақсат қойсаңыз, оны орындай алдыңыз ба?

– Өз ойлағанымда болған жоқ. Командаға көбірек көмек қолын созып, көбірек жеңіске жетсек деп ойлаған едім. Ал алдыма әр футболшы армандайтындай мақсат қойдым — Ұлттық құрамаға шақырту алу. Бұл жағынан бапкерім Воскобойников Олег Игоревич көп қолдауын көрсетті. Бірақ жарақатыма байланысты қатардан шығып қалдым.

– Маусымды Шымкентте бастап, Түркістанда аяқтадыңыздар. Шымкент туған қалаңыз, ал Түркістан да алыс емес. Дегенмен, қай қалада ойнаған көбірек ұнады?

– Стадионымызда жөндеу жұмысы өтіп, уақытша жабық болғанын білесіздер. Сондықтан Шымкентте ойнадық. Өзім Шымкенттен болғандықтан бұл жақта ойнаған өзіме ұнайды. Бірақ та әр команда өзінің туған жанкүйерінің алдында ойнағаны дұрыс әрі қолдау жақсы. Десе де маусымның соңында Түркістанда ойнап, өзіміздің туған стадионымызда жанкүйерлерімізді қуанттық.

– Клубпен келісімшартыңыз аяқталды ма? Келесі маусымды қайда өткізуді жоспарлап отырсыз?

– Иә, клубпен келісімшартым аяқталды. Әзірге үйдемін. Жаңа келісімшарт ұсынса, бас тартпайтын едім. Бірақ қазір өзге командалардан да ұсыныс күтіп отырмын.

– Қақпашының қателігі алаңдағы ойыншының қатесінен әлдеқайда қатты әсер етеді. Мұндай үлкен жауапкершілікпен ойнау қаншалықты қиын?

– Әрине, өз әсерін тигізеді. Қақпашы — алаңдағы соңғы қорғаныс, команданың жартысы. Әр қателіктің жауапкершілігі мол. Сондықтан қақпаның мойнындағы жауапкершілік жарты командадан да көп. Қақпашы болу қиын демемеймін, бірақ өзінің жауапкершілігі бар. Бір сәтке де ұйықтап қалуға болмайды.

IMG 8503

– Матчтардан кейін жылдам қалпыңызға келе аласыз ба? Жеңілістен кейін ұйықтау қаншалықты қиын?

– Мен үшін әр ойынның маңызы зор. Әр матчтан соң, жеңсек те, жеңілсек те ұзақ уақыт ешкіммен сөйлеспеймін. Сондықтан бір жақты жауап беру қиын. Бір айтарым, бірнеше күн ұйықтай алмайтын кезім болады.

– Әдетте, фан-сектор қақпаның артында орналасады. Матч кезінде кедергі келтірмей ме? Қай клубтың фан-секторын ерекше атап өтер едіңіз?

– Жоқ, фан-сектор еш кедергі келтірмейді. Әр фан-сектор өз командасы үшін жанкүйер болады. Бірақ уақыт өте мұның бәріне бір қалыпты қарап, өз жұмысыңды істейсің. Әсіресе, өз жанкүйерлеріңнің алдында ойнау – ерекше сезім береді. Қолдауды сезінесің. Барлық фан-сектор жақсы. Шымкентте «Техас фан» әркез командасына қолдау көрсетеді. Ақтөбедегі 13-секторды атап өтпеуе болмас. Басқа фан-секторлар ренжімес, бірақ Ақтөбедегі қолдау ерекше.