27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Тимур Нурсеитов Странджа кубогының жартылай финалына шықты

Софияда (Болгария) өтіп жатқан беделді Странджа кубогы халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Тимур Нурсеитов кезекті жеңісіне қол жеткізді.

75 кг салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық жекпе-жекте отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Расим Чобанлимен кездесті. Бастапқы кезең сәтсіз өткеніне қарамастан, Нурсеитов кездесудің барысын өз пайдасына өзгертіп, 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл жетістік — бұрын Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған, сондай-ақ кәсіби рингте өнер көрсету тәжірибесі бар Нурсеитовтың мансабындағы маңызды белес.