13.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тимур Досмағамбетов «Оқжетпестің» ТОП-5 рекордшылар қатарына енді

Тимур Досмағамбетов «Оқжетпестің» ТОП-5 рекордшылар қатарына енді

36 жастағы «Оқжетпес» қорғаушысы Тимур Досмағамбетов премьер-лигада көкшетаулық клубтың ТОП-5 рекордшылар қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Көкшетау футболының түлегі Тимур Досмағамбетов Премьер-лигада 2008 жылы 17 мамырда «Оқжетпес» — «Қайрат» (2:0) кездесуінде алғашқы ойынын өткізді. Осы уақытқа дейін «Оқжетпес» сапында 102 кездесу өткізіп, 15 гол соққан.

Сондай-ақ «Ақтөбе» (12 матч, 1 гол), «Восток» (29 матч, 1 гол), «Тобыл» (23 матч), «Тараз» (57 матч, 9 гол), «Ордабасы» (95 матч, 6 гол), «Шахтер» (12 матч, 5 гол) және «Астана» (30 матч, 7 гол) командаларында өнер көрсетті.

Ол Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 360 матч өткізіп, 44 гол соққан.

1992-2025 жылғы Қазақстан чемпионатындағы «Оқжетпестің» рекордшылары (2025 жыл 13 мамырдағы көрсеткіш бойынша):

1. Евгений Захарченко – 144 матч;

2. Олег Фистикан – 111;

3. Серік Досманбетов – 107;

4. Юрий Дяк – 103;

5. Тимур Досмағамбетов – 100.