28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тимоти Веа ағылшын Премьер-лигасына ауысудан бас тартты

Тимоти Веа ағылшын Премьер-лигасына ауысудан бас тартты

ESPN мәліметі бойынша, Тимоти Веа «Ноттингем Форест» клубына ауысудан бас тартты — америкалық футболшы басқа ұсыныстарды күтуді жөн санады.

Ағылшын клубы бұған дейін Веа мен Самюэль Мбангуланың трансферін жалпы сомасы 22 миллион еуроға келісіп қойған болатын.

Америкалық қанатшабуылшы италиялық Серия А-да нәтижелі маусым өткізді — 30 ойында бес гол соғып, екі голдық пас берді.