Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Тимофей Скатов Римдегі турнирдің келесі кезеңіне өтті

Тимофей Скатов Римдегі турнирдің келесі кезеңіне өтті

Olympic.kz хабарлауынша, қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Римдегі турнирдің 1/16 финалында жеңіске жетті.

Отандық спортшы мен Франция өкілі Антуан Корнут арасындағы қызу бәсекеде қазақстандық теннисші екі сетте жеңіске жетті.

Кездесудің қорытынды есебі — 7:6 (7:1), 6:4 Скатовтың пайдасына шешіліп, ол енді 1/8 финалдағы келесі қарсыласының анықталуын күтуде.