11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тиджани Рейндерс – «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Тиджани Рейндерс – «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

«Манчестер Сити» ресми түрде голландиялық жартылай қорғаушы Тиджани Рейндерстің «Миланнан» ауысқанын хабарлады. 26 жастағы ойыншымен келісімшарт 2030 жылдың жазына дейін жасалған.

Sky Sports дерегінше, трансфер құны 46,3 миллион фунтты құрайды.

Бұл трансфер жазғы ауысым кезеңіндегі «Сити» үшін төртінші ірі келісім болды. Бұған дейін клуб Маркус Беттинелли, Райан Айт-Нури және Райан Шеркимен келісімшартқа отырған. Осылайша, команданың жазғы трансферге жұмсаған жалпы шығыны 116 миллион фунттан асты.

Ресми түрде сәрсенбіде жарияланғанымен, «Сити» Рейндерсті алдағы клубтық әлем чемпионатына қатысатын құрамына тіркеп үлгерді.

2024/25 жылғы маусым қорытындысы бойынша Рейндерс Серия А-ның үздік жартылай қорғаушысы атанған болатын. «Милан» сапында ол орталық алаң ойыншылары арасында гол мен нәтижелі пас саны бойынша лигада көш бастаған. Бұған дейін ол Нидерландының АЗ клубында ойнаған және 2023 жылы «Миланға» ауысқан.