Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Тиаго Моттаның «Ювентустегі» жағдайы күрделене түсті

«La Gazzetta dello Sport» мәліметінше, еурокубоктардағы соңғы сәтсіздіктен кейін «Ювентус» бас бапкері Тиаго Моттаның жағдайы қиындай түсті.

«Кәрі синьора» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «ПСВ»-ге екі матч қорытындысы бойынша жол беріп, 11 миллион еуродан астам қаржылық бонустан айырылды.

«Бьянконеридің» сәтсіздіктер тізбегі:
Италия Суперкубогынан шығып қалу (жартылай финалда «Миланнан» жеңіліс)
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі сәтсіздік
Серия A турнир кестесінде төртінші орын

Өткен жазда клубқа келіп, 3 жылдық келісімшартқа қол қойған 42 жастағы маман енді басшылықтың қатаң бақылауында. Оның басты міндеті – команданы келесі маусымда Чемпиондар лигасына алып шығу.