28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

The Ultimate Fighter Кормье мен Сонненнің жетекшілігімен қайта оралады

The Ultimate Fighter Кормье мен Сонненнің жетекшілігімен қайта оралады

UFC.com хабарлағандай, The Ultimate Fighter атты танымал реалити-шоу 2005 жылғы алғашқы шығарылымынан 20 жыл өткен соң, 33-маусымның премьерасына дайындалуда.

Жаңа маусымда жаттықтырушылар ретінде UFC-тің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Дэниел Кормье мен чемпиондық атақ үшін таласкер болған Чейл Соннен қатысады.

Шоу өзінің тарихында Даңқ залының мүшелері Майкл Биспинг пен Рашад Эванстан бастап, қазіргі аңыздар Камару Усман, Роберт Уиттакер және Роуз Намаюнасқа дейін көптеген болашақ жұлдыздарға UFC-ге жол ашты.

33-маусымға жеңіл салмақ пен орта салмақ дәрежелеріндегі талантты жауынгерлер қатысады. Премьера ертең, 27 мамырда, ESPN 2 және ESPN+ стриминг платформасының кешкі эфирінде өтеді, содан кейін жаңа эпизодтар әр сейсенбі сайын шығады.