14.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

The Tennis Letter Доха турниріндегі жеңілістен кейін Рыбакинаны қолдады

Теннис әлеміндегі оқиғаларды қадағалайтын танымал The Tennis Letter X-аккаунты қазақстандық спортшының Катардағы өнері туралы пікір білдірді.

Елена Рыбакинаның Ига Швентектен ауыр жеңілісі, қазір оған оңай емес уақыт бірақ оның таланты мен жауынгерлік рухы даусыз. Жақсы уақыт келеді — басыңды көтер Лена.

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Доха турнирінің ширек финалында екінші нөмірлі Ига Швентекпен кездесіп 2:6 5:7 есебімен жеңілді.

Айта кету керек өткен жылы қазақстандық теннисші (тамаша ойын көрсеткен) осы турнирдің финалына дейін жетіп онда да Швентекпен кездесіп — 6:7, 2:6 есебімен жеңілген болатын.