12.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

The Ring әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады

The Ring әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады

Беделді The Ring журналы салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рёсуке Нишиданы сенімді жеңіп, ең жеңіл салмақта WBC және IBF титулдарын біріктіргеннен кейін жеңіліп көрмеген жапониялық Дзюнто Накатани (31-0, 24 КО) рейтингтің алтыншы сатысына көтерілді. Ол америкалық Джесси Родригестің орнын басты.

The Ring журналының Pound-For-Pound рейтингі:

1. Александр Усик (Украина);

2. Наоя Иноуэ (Жапония);

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

4. Дмитрий Бивол (Ресей);

5. Артур Бетербиев (Ресей);

6. Дзюнто Накатани (Жапония);

7. Джесси Родригес (АҚШ);

8. Сауль Альварес (Мексика);

9. Кенсиро Терадзи (Жапония);

10. Дэвид Бенавидес (АҚШ).