Оқу уақыты: 1 мин

The International-дің екі дүркін жеңімпазы OG құрамын басқарды

The International-дің екі дүркін жеңімпазы OG құрамын басқарды

Киберспорт ұйымы OG Dota 2 бойынша жаңа құрамын жариялады, бапкер қызметіне The International турнирінің екі дүркін жеңімпазы Йохан n0tail Сундштайн тағайындалды.

Жаңартылған құрамда керри позициясын Natus Vincere командасынан жалға алынған Инджи Shad Люб атқарады. Команданың негізгі ойыншылары — Тәмір Daze Тоқпанов, Даниэль Stormstormer Шоетзау және Иван Kidaro Бондарев құрамда қалды, ал офлейнер рөлі Михайло MikSa` Йованович сеніп тапсырылды.

Жаңартылған құрамның басты мақсаты — күзде өтетін Dota 2 бойынша жылдың басты турнирі The International 14-ке іріктеуден өту.