14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Теренс Кроуфорд: Канело енді жоқ

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Теренс Кроуфорд: Канело енді жоқ

37 жастағы жеңіліс көрмеген америкалық боксшы Теренс Кроуфорд Сауль «Канело» Альваресті тарихқа енген жеңістен кейін мәлімдеме жасады.

«Канело енді жоқ. Енді мен — бокстың бет-бейнесімін. Әлемдегі ең мықты pound-for-pound жауынгер де менмін», — деді Кроуфорд Netflix эфирінде.

Жекпе-жек 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтті және 12 раундқа созылды. Төрешілер жеңісті америкалыққа бір ауыздан берді — 116–112, 115–113, 115–113. Осы жеңістің арқасында Кроуфорд төрт белбеу дәуірінде үш түрлі салмақта (бірінші жартылай орта, жартылай орта, екінші орта) абсолют чемпион атанған алғашқы боксшы болды.