25.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Теннистен Қазақстан чемпионатындағы сенсация: Сандуғаш Кенжебаева жарыстан шығып қалды

Теннистен Қазақстан чемпионатындағы сенсация: Сандуғаш Кенжебаева жарыстан шығып қалды
Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы жарыс жалғасуда.

Турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі, WTA рейтингінде 292-орында тұрған Жібек Құламбаева ширек финалда Анастасия Крымковадан айласын асырды. Есеп: 6:2, 6:2. Екінші ширек финалда Қазақстан чемпионатының қысқы маусымындағы жеңімпазы саналатын Іңкәр Дүйсебай Альбина Какенованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Сондай-ақ, Аружан Сағандықова 1/4 финалда Асылжан Арыстанбекованы 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Ширек финалда соңғы болып шыққан Полина Слепцова турнирдің басты сенсациясын тіркеді. Ол екінші нөмірлі теннисші, WTA рейтингінде 980-орындағы Сандуғаш Кенжебаеваны 6:4, 6:4 есебімен ұтып кетті.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы