Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеіңіне дайындығын бастады

Теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеіңіне дайындығын бастады

Теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы Аустралияның Брисбен қаласында қызу жаттығуға кірісті. Осы қалада әлем чемпионатына баруға мүмкіндік беретін тартысты матчтар өтеді. Жолдама – біреу. Үміткер – үшеу. 10 сәуір күні қазақстандықтар Аустралия командасымен, 11-інде Колумбиямен ойнайды.

Қазақстан құрамасы:
Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина және Жібек Құламбаева. Команда капитаны — Юрий Щукин.

«Біз жоғары мақсат қойып отырмыз, барымызды салып, жаттығудамыз. Аустралия, Колумбиямен матчтар оңайлыққа түспейді. Дегенмен біздің құрам мықты, команданың ішкі ахуалы да жақсы», деді Анна Данилина.

«Құрамада болу – қашанда мақтаныш. Үздік өнерімізді көрсетіп, командаға жақсы нәтижеге жетуге көмектескіміз келеді. Осы кезеңнен табысты өту үшін бізде барлық мүмкіндік бар», деп қосты Жібек Құламбаева.

Қос кездесу де Патрик Рафтер атындағы аренада өтеді. Топ жеңімпазы әйелдер теннисіндегі ең басты турнир – Billie Jean King Cup финалдық кезеңіне жолдама алады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!