17.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Теннисші Скатов Италиядағы челленджерде титул жеңіп алды

Теннисші Скатов Италиядағы челленджерде титул жеңіп алды

Қазақстандық Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласындағы теннис челленджерінің жеңімпазы атанды.

Финалдық кездесуде әлемдік рейтингте 308-орында тұрған Скатов алаң иесі Стефано Травальяны (233) — 7:6, 0:6, 6:2 есебімен жеңді, матч 2 сағат 45 минутқа созылды.

Жеңісі үшін қазақстандық теннисші 12 980 еуро ақшалай сыйлық пен 75 рейтингтік ұпай иеленді.

Титулға жету жолында Скатов мына қарсыластарды жеңді:

  • перулік Гонсало Буэно (220)
  • италиялық Филиппо Романо (592) және Джанмарко Феррари (594)
  • монаколық Валантен Вашро (246)