01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Темірлан Анарбеков Уэльсқа қарсы негізгі құрамда алаңға шығады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Темірлан Анарбеков Уэльсқа қарсы негізгі құрамда алаңға шығады

Алматының «Қайратын» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне алып шыққан қақпашы Темірлан Анарбеков Қазақстан құрамасының негізгі сапында Уэльсқа қарсы ойынды бастайды, деп хабарлайды EldarLIVE.

Автор Эльдар Аманбаев жариялаған болжамды құрам келесідей:

Анарбеков – Вороговский, Әліп, Малый, Қасым, Астанов – Мужиков, Оразов, Кенжебек, Самородов, Сатпаев.

Әлем чемпионаты-2026 іріктеуі аясындағы Қазақстан – Уэльс матчы 4 қыркүйекте Астанада өтеді. Бұған дейін белгілі болғандай, жарақатына байланысты Бақтиер Зайнутдинов кездесуге қатыспайды. Сондай-ақ Еркін Тапалов пен Ислам Чесноковтың алаңға шығуы да күмәнді.