10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Темірлан Анарбеков командамен жаттығуға қайта қосылды

Темірлан Анарбеков командамен жаттығуға қайта қосылды

«Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан толық айығып, жаттығу процесіне қайта қосылды. Ол бұған дейін «Ақтөбемен» өткен кездесуде жақ сүйегінен ауыр жарақат алған болатын.

Бұған қоса, клубтың бапкерлер штабы тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісті: қақпашылар Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков те командамен бірге толыққанды жаттығу жасап жүр.

«Қайрат» алдағы кездесуін 17 қазанда «Қызылжар» клубына қарсы өткізеді. Бұл матчтан кейін араға төрт күн салып, ұжым Чемпиондар лигасы аясында кипрлік «Пафос» командасымен бақ сынайды.