30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Team Yandex ойыншысы Қытайдағы турнирде денсаулық мәселесіне тап болды

Team Yandex ойыншысы Қытайдағы турнирде денсаулық мәселесіне тап болды

Team Yandex командасының киберспортшысы Алексей «Solo» Березин Қытайда өтіп жатқан Clavision DOTA2 Masters 2025: Snow-Ruyi турнирінде денсаулығына байланысты күрделі мәселелерге тап болды.

«Қытайда уландым. Үш күн бойы [шокта] отырмын. Практис кезінде дәретхана үшін ұйымдастырушыларға рахмет)) Көмектесіңіздер..» — деп жазды Березин өзінің Telegram-арнасында.

Clavision DOTA2 Masters 2025: Snow-Ruyi турнирі Чжанцзякоу қаласында өтуде — жарыстың жүлде қоры 700 мың долларды құрайды. Team Yandex, ойыншының денсаулық мәселелеріне қарамастан, топта керемет нәтиже көрсетті — команда максималды бес ұпай жинап, плей-офф кезеңінің төменгі тобында күресін жалғастырады.

Выигрывайте FreeBets и призы от лучшего букмекера по киберспорту Parimatch