19.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Team Spirit» сарапшысы Марк Лерман «7.38» патчын бағалады

«Team Spirit» сарапшысы Марк «sikle» Лерман «Dota 2»-нің жаңа «7.38» патчы туралы өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, «Chen» кейіпкеріне енгізілген өзгерістер шикі болып шыққан:

«Жаңа аспект жақсы идея, бірақ уақыт өте келе мүлде күшеймейді. Бұл не баг, не әзірлеушілердің кемшілігі. Криптерді жақсартудың жалғыз жолы – «Aghanim’s Shard» сатып алу», – деп жазды Лерман.

Сарапшы «Arc Warden»-ді саппорт рөлінде қолдануға болатынын да атап өтті: «Қызықты өзгеріс, бұдан бір нәрсе ойлап табуға болады деп сенемін».

Айта кетейік, «7.38» жаңартуы – соңғы 7 айдағы ең ауқымды өзгеріс. Ол карта ландшафтының жаңаруын, бейтарап криптердің қосылуын және көптеген теңгерімді түзетулерді қамтиды.