Оқу уақыты: 1 мин

Team Spirit ойыншысы PGL Astana 2025 турнирінде болған жағымсыз оқиға туралы айтты

Team Spirit ойыншысы PGL Astana 2025 турнирінде болған жағымсыз оқиға туралы айтты

Team Spirit командасының киберспортшысы Данил «donk» Крышковец Қазақстан астанасында өтіп жатқан PGL Astana 2025 турнирінің ұйымдастырылуы туралы пікір білдірді.

Вячеслав «Buster» Леонтьевтің эфирінде берген сұхбатында ойыншы чемпионаттың жоғары деңгейде өткенін атап өтті, алайда кейбір қиындықтарға тоқталды:

«Ұйымдастыру өте жақсы, барлығы қонақжай, ештеңеге қарсылық жоқ. Тек климат, ыстық ауа райы өте қатты әсер етті. Тағы да бізбен болған кейбір жағдайлар бар, олар туралы айтпаған дұрыс шығар, бірақ олар турнирдің көңіл-күйін түсірді»

Team Spirit командасы FURIA-ны 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалына шықты, онда Astralis командасымен кездеседі. Жарыстың жүлде қоры 625 мың долларды құрайды.