06.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Team Spirit ойыншысы BLAST Slam III турниріне дайындық туралы айтты

Team Spirit ойыншысы BLAST Slam III турниріне дайындық туралы айтты

Dota 2 бойынша BLAST Slam III турнирі басталар алдында Team Spirit ойыншысы Денис «larl» Сигитов команданың турнирге дайындығы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Cybersport.ru.

«Біздің тобымыз жақсы — барлық командалар жалпы тең. Тек тұрақты өнер көрсетіп, жоғары орындарға жететін PARIVISION командасын ғана ерекше атап өтуге болады. Жалпы барлық командаларға бірдей дайындалдық. Ойнаймыз және жеңеміз», — деді Сигитов.

BLAST Slam III турнирі Данияда бір миллион доллар жүлде қорымен өтуде — жарысқа он команда қатысуда. Жарияланым сәтінде Team Spirit топтық кезеңде Gaimin Gladiators командасына қарсы өз ойынын бастады.

Выигрывайте FreeBets и призы от лучшего букмекера по киберспорту Parimatch