Оқу уақыты: 1 мин

Team Spirit ойыншысы BLAST Rivals Spring 2025 турнирінде ең жоғары рейтингке ие болды

Team Spirit ойыншысы BLAST Rivals Spring 2025 турнирінде ең жоғары рейтингке ие болды

HLTV.org мәліметтері бойынша, Team Spirit командасының ойыншысы Данил «donk» Крышковец BLAST Rivals Spring 2025 турнирінің барлық қатысушылары арасында ең жоғары рейтингті көрсетті.

Жеке есепте екінші орынды Крышковецтің командаласы — Дмитрий «sh1ro» Соколов 1,34 рейтингпен иеленді. Көшбасшылар үштігін Team Vitality командасының француз ойыншысы — Матье «ZywOo» Эрбо 1,31 ұпаймен аяқтады.

$350 мың жүлде қоры бар BLAST Rivals Spring 2025 турнирі Team Vitality жеңісімен аяқталды — команда финалдық матчта Team Falcons құрамасын 3:2 есебімен жеңді.