Оқу уақыты: 1 мин

Team Spirit капитаны Астанадағы турнирдегі жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті

Team Spirit капитаны Астанадағы турнирдегі жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті

Team Spirit капитаны Леонид «chopper» Вишняков PGL Astana 2025 турниріндегі жеңісі туралы өз әсерімен бөлісті.

Астана, жылы қабылдауыңыз үшін рахмет, чемпионат үйдегідей өтті! Сахнадағы атмосфера керемет және мұндай көрермендер алдында ойнау — ерекше сезім. Әрдайым сапалы ойын көрсете алмадық, бірақ жеңіс — жеңіс, қазір бізге бұл өте маңызды. Осы чемпионат пен Даниядағы бласттан тәжірибе жинап, мажорға жақсылап дайындалуға тырысамыз. Жұмысты жалғастырамыз, көріскенше!

PGL Astana 2025 турнирі Қазақстан астанасында $625 мың жүлде қорымен өтті. Финалдық матчта Team Spirit Astralis командасын жеңді — карталардағы нәтижелер келесідей болды:

  • Dust2 — 13:5
  • Nuke — 13:10
  • Mirage — 5:13
  • Train — 16:13