Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Team Liquid» құрамынан jks кетті — орнына «siuhy» келуі мүмкін

Танымал киберспорт ұйымы «Team Liquid» Counter-Strike 2 құрамында өзгеріс болғанын ресми түрде хабарлады — команданы Джастин «jks» Сэвэйдж тастап кетті.

Австралиялық ойыншы ұжымға тоғыз ай бұрын қосылған болатын. Бұл уақыт аралығында «Team Liquid» жақсы нәтижелер көрсетті — соның ішінде «Perfect World Shanghai Major 2024» турнирінде 5-8 орынға ие болды.

Инсайдерлік дереккөздердің мәліметінше, «jks»-тің орнына поляк ойыншысы Камиль «siuhy» Шкарадек келуі мүмкін.

Джастин Сэвэйдж киберспорттағы мансабында мынандай ұйымдарда өнер көрсетті:

  • «G2 Esports»

  • «Complexity Gaming»

  • «100 Thieves»

  • «Renegades»

Қазіргі таңда тәжірибелі австралиялық киберспортшының карьерасын қай клубта жалғастыратыны белгісіз.