Оқу уақыты: 1 мин

«Team Falcons» тарихындағы ең сәтсіз нәтиже тіркелді

«Team Falcons» тарихындағы ең сәтсіз нәтиже тіркелді

«Team Falcons» құрамасы PGL Wallachia Season 4 турнирінде күтпеген жерден Natus Vincere Junior командасынан жеңіліп, алғаш рет плей-офф кезеңіне өте алмады.

Оливер Skiter Лепко бастаған ұжым 9-11 орынмен шектеліп, жаңа антирекорд орнатты. Бұған дейінгі ең нашар нәтиже — BLAST Slam II турниріндегі 7-8 орын болатын.

Жүлде қоры 1 миллион долларды құрайтын PGL Wallachia Season 4 турнирі 27 сәуірге дейін жалғасады.